Алматы полициясы сот ғимаратынан қашып кеткен күдіктіні ұстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы сот ғимаратынан қашып шыққан күдікті - 1991 жылы туған Д. Досмағамбетовты қолға түсірді. Бұл туралы жаңа ғана Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы полициясы 1991 жылы туған Д. Досмағамбетовты ұстады. Ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-ші тармағының 2-ші және 3-ші бөлімдерінде қарастырылған қылмыстарды (бөгденің мүлкін ұрлау) жасағанды үшін ұсталған болатын», - делінген хабарламада.  

Бұған дейін хабарланғанындай, сотқа дейінгі тергеу кезеңіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау бойынша сотқа жеткізілген күдікті сол жерден қашып кеткен болатын.

Айта кетелік, күдікті бұған дейін де осы тектес қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.