Алматы тауларында әлі де өрт қаупі сақталып отыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Іле Алатау паркінде екі айдан бері ең жоғарғы өрт қауіптілігінің деңгейі - бесінші класс бекітілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл наурыздан бастап Алматыда өрт-сөндіру бөлімшелері 892 рет дала өртін сөндіруге шыққан.

Олардың 336 жағдайында құрғақ шөптің жануы болса, қалған жағдайда қураған ағаш пен қоқыстың тұтануынан болған.

Осындай төтенше жағдайлардан өрт жақындағы тұрғын үйлерге, ғимараттар мен құрылыстарға, сонымен қатар Алматы аумағының іргесіндегі тау-орман төңірегіне жайылу қаупі бар.

«Биыл наурызда Медеу ауданының «Думан» ықшам ауданында 10 га аумақта қураған ағаш отқа оранды. 1 тамызда от Алатау ауданындағы Сақ Қорғанының бес гектар аумағын шарпыды. Алатау және Медеу аудандарында биыл құрғақ шөп жиі жанып жатыр. Өрт бөлімшелерінің жедел әрекеттерінің арқасында жақын маңдағы аула құрылыстарына өрттің жайылуын алдын алуға мүмкіндік болды», - деді Алматы ТЖД басқарма бастығының орынбасары Айдос Нүсіпбаев.

Қалалық ТЖД құрғақ шөпті жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін БАҚ, әңгімелесу, брошюралар тарату арқылы жүргізіп жатыр.

Өрт қауіпті кезең басталғалы бері ТЖД қызметкерлері жергілікті полицей қызметкерлерімен, әкімдікпен, қорықшылармен бірге үздіксіз тау-орман телімдерінде патрульдік кезекшілік жүргізіп, 7 мыңнан астам жадынама мен нұсқаулықтар таратылды.

Мамандардың айтуынша, дала өртінен шірудің табиғи процесі бұзылып, топырақтың құнарлығы азаяды. Өрт кезінде жәндіктер, соның ішінде өсімдіктерді тозаңдатқыштар, топырақтың пайдалы микроағзалары жанып кетеді. Шөп қатты шөп өртенген болған кезде оттан шөпте немесе топырақ үстінде өмір сүретін барлық сүтқоректілер өледі немесе тұншығып қалады.

Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тау-орман төңірегіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға, тиісті емес орындарда от жақпауға шақырады. Жеке сектор тұрғындарына - аумақты уақтылы құрғақ шөп пен қоқыстан тазартуға кеңес береді. Ал кіші және орта бизнес нысандарының, жаппай адам жиналатын нысандардың жетекшілеріне - өрт қауіпсіздігінің сәйкес деңгейін қамтамасыз етуге шақырады.