Ерекше кадрларды Snow Leopard Foundation қорының басшысы Ержан Еркінбаев жариялады.
«Барыстар тек иіс арқылы қатынаспайды. Мына видеода қар барысы еркегінің күйлеген кезін түсіріп алдық», - деп жазады Ержан Еркінбаев.
Көп ұзамай ұрғашы барыс та үн қосып, екеуі бір-біріне қарай беттеді.