Алматы тұрғындарына селден келер қауіп жоқ – ТЖК

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындарына селден келер қауіп жоқ. Қарғалы өзенінің суы әдеттегідей ағып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуеден барлаудың соңғы деректері бойынша, №1 көліндегісу деңгейі 6-7 метрге түскені анықталды. Ағып шыққан су көлемі 20 - 25 мыңтекше метр шамасында. Сел қаупі маусымның басынан бергі және 14 тамыздажүргізілген шаралар нәтижесінде көл деңгейі 42 мың текше метрге төмендеді.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары осы құбылысты «сел тасқыны»деп жіктейді. Сондықтан сел ағызып кеткен заттар (тастар, лай, ағаш, сынықбөліктер, т.б.) болған жоқ.

Наурызбай, Әуезов, Алатау аудандарында су ағызудыңқауіпсіз болуын қамтамасыз ету және қадағалау үшін бұрын тағайындалған күштермен инженерлік техникалар кезекшілік атқарады», - деп мәлімдеді ТЖК.

Комитет қала тұрғындарына келер қауіп жоқ, Қарғалыөзені әдеттегі қалыбында ағады деп сендірді.

«Ағаштар, көшелер және басқа да нысандарды су ағызыпкету жағдайлары тіркелген жоқ. Қала әкімінің келісімімен жедел штабтың жұмысытоқтатылды, жағдайды Алматы ТЖД бақылап отыр», - деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматының Наурызбайауданына Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланды.

Соған байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялаупункттері белгіленді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы селдің бетіқайтқанын мәлімдеді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары ЮрийИльин Алматы қаласына №1 мореналық көлден еш қауіп жоқ екенін айтты.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар