Алматы тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық әйелге қарақшылық шабуыл жасап ақшасын тартып алған күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласында Қызылорда облысының тұрғынын ұстады.  Ол ағымдағы жылдың сәуірінде бір әйелге қарақшылық шабуыл жасап, 5 мың долларын тартып алған деген күдікке ілігіп отыр», - деді ресми өкіл.

Алмас Садубаевтың айтуынша, қазіргі уақытта күдікті өзінің кінәсін толықтай мойындаған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.