Алматы жолдарында 400 полиция қозғалысты реттеп тұр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы жарық өшіп қалған соң қаладағы жол қозғалысын реттеуге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалада жарықөшкені туралы хабарлама түскен соң жол патрульдік полиция қызметкерлері барлыққиылыстарда жол қозғалысын реттеуге көшті. Ең алдымен магистральді көшелерге,кейін екінші деңгейдегі көшелерге полиция сап түзеді. Жол қозғалысын реттеуге400 полиция қызметкері шықты», - деді қалалық Полиция департаментінің баспасөзқызметінен.

Полицияның хабарлауынша,қазір көшелерде жол көлік қозғалысы реттелген. Жол оқиғасы тіркелген жоқ.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының бірқатараудандары жарықсыз қалғаннын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар