«Қаладағы тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының дайындығы 88%-ға жетті. Ал электр желілерінің дайындығы 82%, ал газ желілері 100%-ға дайын», - деді басқарма басшысы Әсет Масабаев.
Оның айтуынша, 20 қыркүйекке дейін жылу желілеріндегі гидравликалық сынақтар аяқталады.
Осы уақытқа дейін алматылықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы 4,5 млрд теңгеге жеткен.