«Алматы зообағына таңертеңгі уақытта және кешкі мезгілде келуге қолайлы. Зообақ таңғы 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар бір сағат бұрын жабылады»,- деп атап өтті зообақтан.
Бұған дейін Алматыда аптап ыстық 20 шілдеге дейін сақталатыны туралы жазған едік.
20:20, 15 Шілде 2023
Алматы зообағының әкімшілігі жануарларды аптап ыстықтан қалай қорғайтынын айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағында Австралиядан Мұзды мұхитқа дейінгі аралықты мекендейтін, әлемнің барлық климаттық зонасынан жиналған жануарлар бар. Олар аптап ыстықтан қалай қорғануда? Зообақ әкімшілігі қызық видеомен бөлісті, деп ҚазАқпарат тілшісі.
«Күн ыстық, қапырық. Көп адам зообақтағы жануарлар аптап ыстыққа қалай шыдайды деп сұрақ қояды. Біздегі жануарлардың барлығы қажетті сумен қамтамасыз етілген. Бірақ хайуанаттар бағына келушілер жануарларға арналған су құятын ыдыстарды байқай бермейді. Мысалы, ягуар, леопард, пума, түлкі, қасқырларға берілетін су техникалық аймақта орналастырылған ыдыстарда болады. Ол жер суды жиі ауыстырып тұруға қауіпсіз әрі ыңғайлы. Техникалық аймақтағы сулар таза әрі салқын болып тұрады. Сондықтан суларды біз негізінен үйшіктерге, көлеңкеге қоямыз. Су құйылған ыдыстар сырттағы қоршауда тұрса ысып, бұзылып кетеді. Борсық, ақ аю, жолбарыстар бассейінде шомылғанды жақсы көреді. Ал пілдер үшін арнайы сенсорлы душ орнатылған», - делінген хабарламада.