Алаңда мерекелік концерт ұйымдастырылады. Эстрада жұлдыздары мен ұлттық-мәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді. Этномәдени бірлестіктердің көрмесі өтеді.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар, сондай-ақ Махатма Ганди атындағы саябақта да ұйымдастырылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары «Хайуанаттар паркінде» қазақ мемлекеттік циркінің көшпелі шоу бағдарламасын тамашалай алады. Ал, қуыршақ театрында «Қуыршақ думан» спектаклі болады.
Веломаусымның ашылуы аясында жаппай веложарыс өткізу де жоспарланған.
Мерекелік шаралар Алматының барлық ауданында ұйымдастырылады.
Айта кетсек, 1 мамыр күні елордадағы субұрқақтар іске қосылады.