2017 жылдың басынан бері 3,5 мың телефон қоңырау түскен. Аталған деректер бойынша адамдар ҚР ӘқК 438-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілкке тартылып, 30 АЕК шамасында айыппұл салынды.
1 мамыр күні 8***7187579 абоненті 102 нөміріне 49 рет қоңырау шалып, біраз үнсіздіктен соң қоя салған.
Жыл басынан бері Алматы 102 нөміріне 350 мың рет қоңырау шалынған.
«Мәліметтерді өңдеу орталығында бір тәулікте бір оператор 250 хабарлама қабылдайды. Түскі 15:00 мен 21:00 арасында әрбір 45 секунд сайын хабарлама түседі. Барлығы 10 оператор кезекпен жұмыс жасайды. Операторлардың жұмысы видеобақылау арқылы қадағаланып отырады», - деді қалалық ІІД жедел басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин.
2013 жылы орталықта «Aеonix» қоңырауларды қабылдаудың жаңа жүйесі орнатылды. Жүйе қоңырау шалушыларды автоматты түрде кезекке қояды. Адамдар желі бос болмаса қайта хабарласамыз деген оймен қоңырауды үзіп қайтадан қоңырау шалып жатады.
«Бірақ, бұл дұрыс емес. Кезекті күткен жағдайда ғана сізге қызмет көрсетіледі. Осындай түсініспеушілікті болдырмау үшін «Сіз полицияға қоңырау шалдыңыз, желіде қалыңыз, Сізге міндетті түрде жауап береді» деген хабарлама тіркелді», - деді А.Квашнин.