Алматыда 22 жастағы жігіт жоғалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы  22 жастағы жігітке іздеу салды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

1995 жылы туған Арман Нұржанұлы 1 маусым күні үйінен шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған. Бойы 180-185 шамасында, арық келген. Үстінде сұр кеудеше мен көк джинсы шалбар болған.

Қалалық полиця оны көрген адам болса 298- 54-01; 298-54-02; 8-708-093-01-33; 8-702-308-36-13, 8-707-581-23-90 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.