«Рейд барысында инспекторлар көліктің техникалық ахуалын, рөл, тежегіш, жанармай жүйесін тексереді. Сонымен қатар, жолаушыларды тасуға рұқсатының бар-жоғы анықталады», - деді қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы, подполковник Жасұлан Байкенов.
Алматы қаласы жергілікті полициясы қала тұрғындарынан қоғамдық көліктердің жол ережесін бұзғанын байқаған жағдайда delta@police.kz электронды поштасына хабарласуын сұрайды.