«Күдікті егде тартқан әйел адамдарды үйдің кіреберісіне дейін аңдып келіп отырған. Кіреберіске жеткен соң әйелдердің сөмкесін ақтарып жатқанын пайдаланып алтын бұйымды жұлып алып қашады екен. Әрине, қарт кісілер оны ұстай алмайды. Кейіннен ол бұл алтындарды ломбардқа апарып өткізеді екен. Күдіктінің бұған дейін де тонаушылықпен айналысқаны анықталды», - деді қалалық баспасөз қызметінен.
Қалалық полиция бұл азаматтың әрекетінен жапа шеккен адамдар болса полицияға хабарласуын сұрайды.