«Қыз жылап жүргенімен өзіне назар аудартты. Оған барып, сөйлескеннен кейін, адасып жүргенін түсіндік. Ол анасы жақын дүкендердің біріне кіргенін айтты, бірақ нақты қай дүкен екенін айта алмады. Жанымдағы әріптесіммен жақын орналасқан бірнеше нысанды аралап шықтық. Бірақ әйелді таппадық. Қыздың айтуынша, оның есімі Аружан. Анасының аты Бота, баланың шамамен жасы 4-те», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД ӘПБ мамандандырылған батальонының аға инспекторы Жұма Сұлтан.
Тәртіп сақшысы қызды Алмалы ауданы ІІБ-ға жеткізді, баланың анасын іздеп жатыр.