АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновтың әйелінің үйін полицейлер қоршауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық полиция департаменті «102» пультіне жеке сот орындаушысынан Ақбұлақ ықшамауданындағы Сыздықов көшесіндегі үйлердің бірінен баспананы мәжбүрлеп шығару кезінде атыс қаруының табылғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.
«Қазір оқиға орнында Алатау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2021 жылы 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып,
көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің
бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды. Былтыр сот Игорь Дужновты өмір бойына
бас бостандығынан айырды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.