Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.
«Күдікті ретінде 27 жастағы Қарасай ауданының тумасы ұсталды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК-нің 202-бабы бойынша іс бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. Бастапқы мәлімет бойынша, ер адам облыстық психо-неврологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз», - деді Салтанат Әзірбек.
Айта кету керек, бұл келеңсіз жағдай туралы кеше әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары бөліскен болатын.
Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу көше бойында отырғызылған 80-нен астам үйеңкі мен талшын тұқымды талды сындырып кеткен.