Алматыда алты автобустың жүру бағыты өзгерді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 18-20 тамыз күндері Шаляпин көшесіндегі жол жөндеу жұмыстарына байланысты қалалық маршруттардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, мына бағыттар бойынша өзгеріс болады:

№4 – солтүстік бағытта – Гроза - Қонаев – Яссауи – Шаляпин көшесі – одан әрі сызба бойынша;

Кері бағытта - Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Қонаев көшесі – Рысқұлов көшесі – одан әрі сызба бойынша;

№15 – оңтүстік бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі маршрут бойынша;

Кері бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі маршрут бойынша;

№44 – батыс бағытта – Шаляпин – Яссауи – Жандосов – Рысқұлов көшесі – одан әрі сызба бойынша;

Кері бағытта – Гроза – Жандосов – Яссауи – Шаляпин көшесі – одан әрі маршрут бойынша;

№50 – оңтүстік бағытта – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі сызба бойынша;

Кері бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – одан әрі сызба бойынша;

№110 – оңтүстік бағытта – Аспандияров – Абай даңғылы – Момышұлы көшесіне бұрылу – одан әрі кері бағытта қозғалыс, соңғы аялдаманы «Бауыржан Момышұлы метро бекеті» (солтүстік) аялдамасына көшіру;

Кері бағытта – «Бауыржан Момышұлы метро бекеті» - Абай даңғылы – Аспандияров көшесі – әрі қарай сызба бойынша; №137 – шығыс бағытта – Әшімов көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесі – Шаляпин көшесі – одан әрі сызба бойынша; Кері бағытта – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Әшімов көшесі – одан әрі сызба бойынша.

Бұған дейін Шаляпин көшесінің 4 шақырымы орташа жөндеуден өтетіні туралы хабаралаған болатынбыз.