Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Түрксіб ауданы, «Маяк» ықшам ауданы, Топчиев көшесінде асфальт опырылып жатыр. Шұңқыр күн сайын үлкейіп барады. Қазірдің өзінде терең», - деп жазды желі қолданушы. Түрксіб ауданының әкімдігінің мәліметінше, Топчиев көшесінде асфальттағы шұңқырды жабу жұмыстары жүргізілуде.
«Көктемде асфальт жамылғысы қалпына келтіріледі. Сондай-ақ «Маяк» шағын ауданында екінші тоқсанда сумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Осыдан кейін жол жабыны толығымен жөнделеді», - деп жауап берді аудан әкімдігінің өкілдері.