«Муниципалдық автобус Байтұрсынов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол қиылысында Абай даңғылы бойымен шығыс бағытқа қарай бұрыла бастайды. Бағдаршамның жасыл шамы жанған соң, жолдан өтіп бара жатқан ер азамат пен бойжеткен жақындап келе жатқан автобусты көріп тезірек өтіп кетуге әрекет жасайды. Ер азамат үлгергенімен қызды автобус қағып кетті. 1994 жылы туған бойжеткен ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, ол ауыр дене жарақатын алған жоқ. Жүргізушінің айтуынша, ол жүргіншілерді байқамай қалыпты», - деді Салтанат Әзірбек.
Қазір бұл іс Бостандық ауданының ІІБ өндірісінде қаралап жатыр. Оқиғаның себептері анықталу үстінде.