Жол-көлік апаты Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында болған.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аталған мекенжайда №12 қалалық автобусы «Volkswagen» және «Hyundai» көліктерімен соқтығысқан.
«Жол-көлік апатынан бес адам зардап шекті.Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады басқармадан.
Полиция қызметкерлері оқиға орнында апаттың себептерін анықтап жатыр.