Алматыда әйелді зорлаған үй-күйсіз ер адам ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әйелге зорлық көрсеткені үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстықПолиция департаментінің хабарлауынша, іздеуде жүрген қылмыскерді Іле аудандықполиция қызметкерлері ұстаған.

«Күдікті жалдамалыпәтерін ауыстырмақ болып, туысқанының үйіне қонаққа барғанда ұсталды. Олуақытша оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіні іздестіру жұмыстары Алматы облыстықполиция Департаменті басшысы Мұрат Ұрымхановтың жеке бақылауында болды», - дедіоблыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кету керек,бұл оқиға туралы Немолчи.кз ұйымы жариялаған болатын. Аталған ұйымға көмексұрап келген бойжеткен көшедегі үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастың зорлап кеткенітуралы хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар