Іс-шара аясында мегаполис аумағында әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ жалған нөмір таққан көлік жүргізушілер анықталды.
«Әкімшілік құқық нормаларына сәйкес, азаматтар әкімшілік айыппұлды 7 күн ішінде 50% жеңілдікпен төлеуге құқылы. Құқық бұзушыларға хаттамамен бірге айыппұл сомасының 50% -ы көрсетілген түбіртек ұсынылып оны төлеудің тәртібі түсіндіріледі «, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері электронды планшеттің көмегімен борышкерлерге айыппұлды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы хабарлама таратуда.