Алматыда банк тонағандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда банк тонағандар ұсталды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 маусымда Алматыдағы банктердің бірінің бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз адам банк қоймасына кіріп, тапаншаға ұқсас қарумен қорқыту арқылы 65 млн. 300 теңге сомасындағы қаржыны алып кеткен еді. Кешенді жедел іздестіру шаралары барысында аталған қаржы мекемесінің бұрынғы және қазіргі қызметкерлері ұсталды. Соңғысы жөн сілтеуші қызметін атқарған. Ұсталғандардан пневматикалық тапанша, электронды рұқсатнама және ұрланған ақша толық көлемде алынды», - деді Алмас Садубаев ҚазАқпарат тілшісіне.