Оның айтуынша, Кисловодск көшесіндегі 6 отбасыға арналған үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 101 пультына түнгі 2:30-да түскен.
Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыды. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Тілсіз жау 03:15-те ауыздықталып, 03:42-де толығымен сөндірілді.