«2016 жылдың 4 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросы кешенді іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде ұзақ уақыт бойы Алматы қаласында жезөкшелікпен айналысушылардың мекен-жай желісін ұйымдастыру бойынша қоғамда наразылық тудырған қылмыстық іске қатысты ҚР ІІМ ЕҚК-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес аймақтық басқармасының бастығы, полиция полковнигі С.Бегасилевті ұстады», - делінген хабарламада.
Қылмыстық қудалау органының лауазымды тұлғасы С.Бегасилев 2011 жылдан 2013 жылға дейін пайда табу мақсатымен жеңгетайлық және интимдік қызметтерді көрсетумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған басшылық еткен.
С.Бегасилев ҚР Қылмыстық кодексінің 235-бабының 3-бөлімі, 271-бабының 3-бөлімі және 177-бабының 4-бөлімімен қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін 2013 жылдан бері іздеуде болған және Интерпол ҰОБ-ның ресми ақпаратынша, Түркия аумағында жасырынған.
Оны іздеу нәтиже бермеген соң, 2015 жылдың тамыз айында Бас прокуратура оған қатысты іздестіру ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қайта тапсырды.
Қазіргі кезде С.Бегасилев Алматы қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.