«Алматы қаласы ІІД криминалды полиция басқармасы мен Алматы ІІБ қызметкерлері 2017 жылдың 27 сәуірінен бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған Евгений Молибогинді өлтіруге қатысты күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау оқшаулағышына қамады», - деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ол қылмыстық істің мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын атап өтті.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде кәсіпкер Евгений Молибогиннің жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді.