Алматыны лаңкестерден тазарту жұмысы әлі жүріп жатыр. Республика алаңы, қалалық әкімдік, Президент резиденциясы, бүкіл мемлекеттік орган ғимараттары бақылауға алынған.
6 қаңтар күндіз қылмыстық топтар қаладағы бір полиция учаскесіне шабуыл жасаған. Дегенмен құқық қорғау органдары ғимаратты қорғап қалды.
Бұл жайында Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді.
«Террористер Қарасай батыр көшесінде орналасқан Алмалы ауданы полиция басқармасының ғимаратын басып алуға тырысты. Шабуыл жасаған лаңкестердің көзі жойылды» деп атап өтті қалалық ПД ресми өкілі.