Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алматыда букмекерлік кеңсеге шабуыл жасағандардың бірі ұсталды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, өткен тәулікте Алматыда букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалған. Бетперде киген екі адам кеңсеге басып кіріп, тапаншамен кассирді қорқыту арқылы 1 миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен. Қазіргі уақытта екінші күдікті іздестіріліп жатыр. 

Сонымен қатар Алмас Садубаев Қарағанды облыстық  ішкі істер департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қасақана адам өлтірді деген күдікпен Теміртау қаласының тұрғыны ұсталғанын айтты.