Алматыда демалыс күндері Абай даңғылы бойында жол қозғалысы ішінара жабылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Алтынсарин көшесінен батысқа қарай Өтеген көшесінің қиылысында Абай даңғылы бойында 21-22 маусымда метрополитен құрылысына және коммуникацияны ауыстыруға байланысты автокөлік жолы шектеледі, деп хабарлады қаланың ІІД баспасөз қызметінен.

Осыған орай Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полициясы басқармасы жүргізушілерге қозғалыс бағдарларын алдын ала түзетуді және Жол қозғалысы ережесін мұқият сақтауды сұрайды.