Алматыда дуал құлап, 6-сынып оқушысы мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құлаған дуал қабырғасы 6 сынып оқушысын басып қалды. Жеткіншек оқиға орнында мерт болды. Бұл туралы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.

Никита Мамонтов қаладағы №60 мектептің 6 сыныбында оқыған.

«Төтенше оқиға 15-мамырда «Таугүл» шағын ауданында орын алған.

Дуал қасынан өтіп бара жатқанда бетон қоршаудың бір бөлігі баланың басына түсіп кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді С.Әзірбек.

Аталған дерек Әуезов аудандық ІІБ-да тіркелді.