деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен.
Түркісіб ІІБ қызметкерлері қылмысты жасағанын мойындаған 1973 жылы туған алматылықты құрықтады.
Ұсталған зардап шеккен адаммен бірге ішімдік ішкендерін, кейіннен бір әйел үшін жанжалдасып, төбелескендерін айтқан.Нәтижесінде ол қасындағы ер адамды пышақпен жайратып салған.
Зардап шеккен адамның денесін оның әріптесі тауып алған. Оның айтуынша, түнгі сағат бірлер шамасында оның әріптесі телефон соғып, өзін көршісі ұрып жатқанын айтып, сол жерге келуін сұраған.
96-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ұсталған уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.