Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаманті бұл факті бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Белгілі болғандай төбелес екі таныс адамның арасында болған. Олардың бірі газ тапаншасын қолданды. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Күдікті ұсталды. Ол- 1989 жылы туған Т. есімді азамат. Екінші адамның айтуынша, ол қылмыс құралын лақтырып жіберген, бұл факт анықталып жатыр. Тергеу жалғасады», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.