АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол бөлісе алмаған көлік жүргізушісі аспанға қарата оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта бұл факті Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 293-бабы, яғни бұзақылық бойынша тергеліп жатыр.
«Тәртіп сақшылары 1983 жылы туған К. деген азамат жолдағы кикілжің кезінде дабыл тапаншасынан ауаға оқ атқанын анықтады. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болады», - деп хабарлады ведомстводағылар.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.