Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, 51 жастағы ер азамат есірткі тауарын тіке өзінің жұмыс орнынан - баспаханалардың бірінің кеңсесінен сатып отырған. Ол онда күзетші болып жұмыс істеген.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында шамамен 18 сағат 30 минутта біздің бөлімшенің қызметкерлері 1965 жылғы С. есімді азаматты ұстады. Ол бұған дейін бөгденің мүлкін ұрлағаны және алаяқтық әрекеті үшін сотталған болып шықты.
Күдіктің 9,73 грамм гашиш сатқаны дәлелденді. Біршама уақыттан кейін, күдіктің уақытша тұрып жатқан баспанасында, дәлірек сол баспахананың бір бөлмесінде алғашқы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жасырын жерден салмағы - 2,23 грамм марихуана мен салмағы - 102,3 грамм гашиш табылып, тәркіленді. Қазір есірткі заттарын заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу өндірісі аяқталған соң іс сотқа беріледі. Сондай-ақ, есірткілердің Алматыға жеткізілу жолдары, ұсталған азаматтың клиенттері анықталатын болады», - деді Алматы қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дәулет Қазкеев.