Алматыда фирмаға шабуыл жасаған күдіктілердің бірі қолға түсті

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласында криминалды полиция қызметкерлері бір ай бұрын жеке фирмаға қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Алматының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова айтты.

«Бейтаныс төрт адам тапаншамен фирманың 22 жастағы қызметкерін қорқыту арқылы оны автокөлікке отырғызып, скотчпен байлайды да одан кіреберіс есіктің кілтін алып, ЖШС-ның ғимаратына кіреді. Қаскүнемдердің 150 мың АҚШ долларынан астам ақшаны иеленгендігі белгілі болды»,-деді А. Есімбекова.
Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынып, бұрын оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде және басқа да қатысушылар іздестірілуде.