Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Алматы полициясында жаңа «Сергек – Патруль» кешені таныстырылды. Бұл функционал мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және апат деңгейін төмендетуге бағытталған.
Камералар мен жоғары интеллект көмегімен кешен қажетті көлікті көп көлік ағыны ішінен анықтайды, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді.
Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жалған нөмір еместігіне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың болуына, ұрлыққа және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріледі», - деі ол брифингіде.
Бағдарлама қоғамдық көлікке арналған жолақтарда жол ережелерін бұзу деректерін де түсіреді.
«Жаңа автоматтандырылған кешен өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартты. Жабдық тәуліктің қараңғы уақытында, қолайсыз ауа-райында және аязда жақсы жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық кешен «Қорғау» мобильді қосымшасымен біріктірілген», - деді Шұғыл Тұрлыбек.