Баланың жоғалғаны туралы хабар түскеннен кейін оны іздестірумен арнайы құрылған бірнеше топ айналысты.
«Түнгі сағат бірлер шамасында баланы М.Әуезов ауданынан жол-патрульдік полициясы экипажы тауып алды. Қуаныштысы, жағдайы жақсы, бала адасып кеткен. Одан кейін біздің Алмалы ауданы полиция басқармасы бөлімшесінің қызметкерлері Тимурды туыс-туғандарына апарды», - деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полициясының басшысы Лейла Әліпбаева.