«Біз банктік қызмет көрсету саласы туралы көп талқыладық. Бұйрыққа сәйкес банктердің қызметі тек қашықтан жұмыс істейтін адамдардың пайыздық мөлшерлемесімен шектелетін болады. Банктер аппараттарының орталық бөлімшелерінің қызметкерлері 60% қашықтан жұмыс істейді. Ал филиалдар 40% онлайн форматқа ауыстырылады», - деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол банк қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырғандардың көп екенін баса айтты.
«Банк саласы инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары топқа жатады. Себебі жабық мекемеде жұмыс істейді», - деп қосты бас санитарлық дәрігер.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты 20-28 наурыз аралығында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, автобустың қозғалыс режимі өзгерді.