Алматыда қару-жарақ және жарылғыш заттар сақтады деп сезіктелген 5 күдікті адам қамалды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қару-жарақ сақтады деп сезіктелген 5 ер адам қамалды. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

Олардың екеуі Алматы тұрғыны болса, қалған екеуі Алматы облысының, біреуі Павлодар облысының тумасы.

Олардың ішінде екі адам бұрын бұзақылық, зорлық, есірткі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда Алматы полициясы қаладағы тыныштықты сақтау шараларын барынша күшейтіп жатыр.

Айта кету керек, бүгін Алматыда полиция «Республика» және «Астана» алаңдарындағы кәріз құдығына жасырылған жарылғыш сұйықтық құйылған құты, ондаған арматура және білтемір, бензин құйылған канистр.

Жедел уәкілдер Алмалы және Медеу аудандарындағы екі пәтерді тінту барысынла бірнеше Макаров пен ТТ тапаншасын, 4 РГД-5 гранатасын, сондай-ақ, 5 млн теңге көлемінде қаржы тапты.

Күдікті ретінде 5 адам ұсталды.

Қазіргі таңда осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.