Алматыда қазақстандық төлқұжаттары болған португалиялықтарды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда көлік полицейлері Португалия Республикасының екі азаматын екі азаматтықты пайдаланғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

«Алматы қ. әуежайында Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері екі азаматтықты пайдаланған «Мәскеу-Алматы» рейсімен келген 1963 және 1974 жылы туған  Португалия Республикасының екі азаматын анықтады.  Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚК 496 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Аталған факт бойынша материалдар Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», - деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан ҚР ІІМ көліктегі ІІД қызмет көрсететін учаскеде екі азаматтықты пайдаланған 34 азамат анықталды.  Ведомствода атап өткендей,  олардың арасында АҚШ (13), Ресей Федерациясы (9) және Түркия (7) азаматтары жиі кездеседі.