Алматыда киберқылмыс ашылды

АЛМАТЫ. 25 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласының ІІД «К» басқармасымен қазақстандық ұжымдық сатып алушылар сервисі қолданушыларының базасын сатып жібермек болған қылмыскер ұсталды.

19 шілде күні Chocolife.me бұрынғы қызметкері Қайрат Мұхановты Алматы қаласының ІІД «К» басқармасы Chocolife.me. қазақстандық ұжымдық сатып алушылардың қолданушылары базасын (420 мың электонды мекен-жай) сатып жібермек болған жерінен қолға түсті.

2012 жылдың қаңтар айына дейін ол компанияның даму директоры қызметінде болған. Компанияның ішінде жүргізілген зерттеу көрсеткендей, базаны ұрлауға көмектескен екінші сыбайлас - Chocolife.me компаниясының бұрынғы IТ-директоры Ерлан Байтуринов. Ол компаниядан кетер алдында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, пайдаланушылар жайлы мәліметтерді көшірген, оны Қайрат Мұхановқа қазақстандық электронды сауда нарығында одан ары қарай пайда табу мақсатымен берген.

Кәсіпкер Александр Лидің айтуынша, 16 шілде күні оған Қайрат Мұханов хабарласып, Chocolife.me. компаниясының пайдаланушылар базасын сату жөнінде ұсыныс жасаған. Болған жайды Алексей Chocolife.me. компаниясының басшылығына жеткізген. Ал олар Алматы қалалық ІІД-ға шұғыл хабарлаған. Күдіктілер ҚР ҚК 20-бабы - «Коммерциялық ақпаратты таратқаны үшін» бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан және ҚР ҚК 175-бабы - «Ұрлық» бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аталған іс бойынша сот шешімі алдағы айларда белгілі болады.