Алматыда қоқыс жәшігінен адамның басы табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоқыс жәшігінен адамның кесілген дене мүшелері табылды.

Үй-күйсіз адам Райымбек және Абылай хан даңғылдарының қиылыстарындағы қоқыс жәшіктерінің бірінен адамның басы және аяқ-қолдарын тауып алған. Қазір жантүршігерлік қылмыс орны қоршауға алынды. Сол жерге қалалық ішкі істер департаментінің басшысы Серік Күдебаев келді.