«Алматы қаласы бойынша сәуірдің үшінші онкүндігінде өнеркәсіптің барлық салалары, қоймалау, құрылыс, екінші деңгейдегі банк қызметкерлерінің 50 пайызына дейін, қызмет көрсету саласының кейбір секторлары толық жұмыс күні режиміне көшеді», - деді министр телеарна арқылы өткен онлайн брифинг барысында.
Оның сөзіне қарағанда, осы орайда Алматы қаласында 128 мың адам жұмысын жалғастырады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ауру жұғу қаупі ең аз деген кәсіпорындар іске қосылатынын айтты.
Сонымен қатар, министр елордада 20 сәуірден бастап жұмысы жанданатын кәсіпорындарды атады.