«Көлік иесі дүкенге кіріп кеткенде, 26 жастағы мас адам соны пайдаланып көлікті айдап кеткен. Біраз уақыттан соң көлік сол маңайдан табылды. Ұры оны өртеп жіберген. Өрт қоймас бұрын көліктің қозғалтқышын, аккумуляторын, басқа да бөлшектерін шешіп алған. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оған қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Түрксіб аудандық ПБ бөлім басшысы Ерлан Аянбаев.
Ал, ұрланған автобөлшектер иесіне қайтарылды.
«Көлік ескі болғандықтан, жоғалғанына аса уайымдамадым. Осылай тез табылатынына да сенбедім. Полиция ұрыны тапқаны жақсы болды. Себебі, ертең ол басқаларға жамандық жасамайтын болады», – деді көлік иесі.
ПБ айтуынша, жыл басынан бері көлік ұрлау қылмысы 2,1 есеге азайған.