Полиция қызметкерлерінің айтуынша, видео расталды, ер адам шынымен де машинаның жүксалғышында жатқан.
«Тексеру барысында құқықбұзушы анықталды. Жолаушы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. «Субару» жүргізушісі айыбын бірден мойындады. Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі Сйфуллин және Мәметова көшелері қиылысына жақын маңда болған», - дейді Алматы қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі іздестіру бөлімінің бастығы Ерік Насырбеков.
Айта кетелік, өткен жылы Алматы полициясы басшылығының блогына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты 200-дей өтініш келіп түскен.