ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, төтенше жағдай Медеу ауданында Нұрмағамбетов көшесінде болған.
Өрт сөндірушілер келгенше көліктің 5 шаршы метр аумағы жанып кеткен.
«2001 жылы шығарылған Ниссан Патрол көлігі өртенген. Өрт 12-33-те сөндірілді. Өртті сөндіруге 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды», - деді Руслан Иманқұлов.
Сонымен қатар, Алматыда бүгін 13:51-де Бостандық ауданында тағы бір көлік отқа оранған.
«Ауди «А6» көлігінің мотор бөлігінде қысқа тұйықталудың кесірінен 0,2 шаршы метр аумақты қызыл жалын шарпыды. От өрт сөндірушілер келгенше сөндірілген.