Оған BMW маркалы көлігінің кілті Алматы әуежайында табысталды. Спортшыны жақындары, таныстары және достары қарсы алды. Сонымен қатар, бүгін елімізге Токиодағы Олимпиада ойындарында сынға түскен қазақстандық өзге де спортшылар оралды.
Бұған дейін Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарында қола жүлдені алғаннан кейін өзінің пікірін білдірген еді.
Еске сала кетейік , 5 тамызда Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін кездесулер өтті.
Ол болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтқан болатын.