Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, өртенген жиһаз шеберханасында өлі табылған әйелдің кім екені анықталды. Ол осы цехта жұмыс істейтін 59 жастағы әйел болып шықты.
«Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл ҚР ҚК 292-бабының 2-бөлігі бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу. Аталған қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама мен тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД.
Еске сала кетсек, Жетісу ауданының Ратушный көшесіндегі шеберхана өртенді. Тілсіз жау цехтың 1 200 шаршы метр аумағын шарпыған. Оның сөндіруге 20 техника мен 60 адам жұмылдырылды. Өрт сөндірілген соң жиһаз цехынан әйел адамның денесі табылған болатын.