Отбасылық ұрыс-керістің барысында 1973 жылғы әйел өзінің 47 жастағы күйеуіне пышақ сұғып алған. Ер адам ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Күдікті сол күні оның күйеуі туған күнін атап өткенін айтады. Меймандар кеткен соң, ер адам әйелін тепкінің астына алған. Басына тиген жарақаттың салдарынан ол одан әрі не болғанын дұрыстап есіне түсіре де алмайды.
Бүгінгі таңда әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. ҚР ҚК 109 бабы 3 бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу, мерзімі - 5 жылдан 10 жылға дейін) қылмыстық іс қозғалды.