Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адамды Бостандық аудандық Полиция басқармасы қалалық прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімшесімен бірлесе отырып ұстады.
«26 жастағы Қалижан Қуатбекұлы Қарабаев өзін құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырған, соның ішінде «прокурормын» деп алдап келген. Ер адам осылайша көптеген адамдардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Қазір полиция ер адамның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 254-47-00, 254-47-01 телефондарына хабарласуын сұрайды»,- делінген хабарламада.